Фото: ашық дерек көзінен

Тараз. 77news — Бұған дейін Мәскеу маңында апатқа ұшыраған АН-148 ұшағында қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеген болатын ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі. Алайда соңғы ақпараттар Орск қаласында тұратын Темірлан Ақназаров есімді қазақ жігіті аталмыш лайнердің бортында болған екен, — деп хабарлайды 77news.kz.

Орынбор облысының 32 жастағы тұрғыны Темірлан Ақназаровқа «Вконтакте» желісіндегі парақшасына адамдар көңіл айтып, жазба қалдырған. Ал  бұқаралық ақпарат құралдарында ұшақтың ішінде болған жолуашылардың тізімі жарияланғанда Темірланның да есімі болды.

Естеріңізге салсақ, Saratov Airlines əуе компаниясына қарасты ұшақ Мəскеуден Орск қаласына ұшып шыққан. Əуеге көтерілген соң жеті минуттан кейін ұшақ радардан жоғалып кеткен. Кейіннен белгілі болғандай, жолаушылар ұшағы «Почта России» компаниясына тиесілі тікұшақпен соқтығысқан. Және апат салдарынан ұшақта болған 71 адамның барлығы қаза тапқан.