Тараз. 77news — Таразда  тұңғыш рет танымы терең бизнес тренерлер бас қосты. «LEVEL UP» атауымен өткізілген форумда олар көпшілікке кәсіп ашудың айрықша тұстарын әңгімелеп, өздері жеткен жетістіктің айырықша бағыттарын баяндап берді, —  деп хабарлайды 77news тілші.

Танымал кәсіпкерлер мен блогерлерді тыңдау үшін 900-ден астам жұртшылық жиналған. Екі бөлімнен тұрған форумға бес баяндаушы, жеке-жеке  кәсіптің көзін неден бастау керектігін жік-жігіне бөліп түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған көпшілік қауымның 60 пайызы  шағын кәсіпкерлер.   

Мінберге шығып, қалың қарашаға қоғамға қызмет қылудың қарекетін қозғаған спикерлер әрқайсы 40 минуттан сөз алып, толайым табыстарының тұшымды тұстарын мазмұндап берді. Бес спикер 5 түрлі бағытта сөйледі.  Алғашқы болып сөз сөйлеген  Өркен Кенжебек  «Сауатты пиар құрудың тәсілдері» тақырыбында әңгіме  қозғады. Ол әлеуметке әлеуметтік желіде қалай әйгілі болуға болатыны жайлы айтып берді.

Ал, «өзіңді жең, екінші болма» -деп қысқа қайырған Қуаныш Шонбайдың  әңгімелері елді елең еткізді. 11 мейрамхана желісінің иесі ешқашан кәсіпкер боламын деп ойламапты. Тек маркетинг саласының түбін қаза берген соң, Қазақстандағы нөмірі 1-ші ресторатор болғанымды білмей қалдым дейді. Жұртшылықтың таңданысын туғызып. Алдағы уақытта осы форум еліміздің өзгеде өңірлерінде өтетін болады дейді ұйымдастырушылар.