Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 77news — Жамбыл облысында алдағы күндерде желдің ұйтқуы секундына 30 метрге дейін жетеді, — деп хабарлайды 77news.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

14-15 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 метр секундынажел соғады деп күтілуде. Тіпті жел күші 30 метр жылдамдыққа жетіп, одан асуы да мұмкін. Ал 14 ақпан күні қар жаууы мүмкін, әсресе таулы аймақтар мен  тау бөктерінде қатты қар, боран, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Сондай-ақ хабарламада дауылдың болу ықтималдығы 97 пайызды құрайды деп жазылған.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!