Фото: akorda.kz

Тараз. 77news — Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев CCTV-ге сұхбат берді. Сұхбат барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы айтты, — деп хабарлайды 77news.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының тоғысу аясындағы екіжақты ықпалдастыққа қатысты сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары туралы айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес жүргізу және өңірдегі тұрақтылықты сақтау мәселелеріне қатысты мемлекетаралық серіктестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

Естеріңізде болса, өткен маусымда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен Қазақстанға келді. Сода Нұрсұлтан Назарбаев Қытай тікелей шетел инвестициялары, несиелер мен бірқатар бірлескен кәсіпорындар тұрғысынан Қазақстанның негізгі экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің кездесуінен кейін 12 келісімге қол қойылды, Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің төртінші отырысында 20-дан астам келісімге қол қойылған болатын.