Тараз. 77news — 1 айдың ішінде 154 әйелге әлімжеттік көрсетілген. Бұл жергілікті полиция қызметіне келіп түскен арыздардың санамасы, — деп хабарлайды 77news AA Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Құқық қорғаушыларға  2018 жылдың алғашқы айында-ақ, арыздың бұлай артуы аяқтарынан тік-тұрғызған. Айта кетерлігі, ақпанның алғашқы күндеріндегі санама бойынша, өңірде  құқық бұзушылыққа бейімделген 10 263 адам тіркелген. Олардың 1238-і қасақана қылмыс жасаған болса,  алкогольді ішімдікпен әуестеніп құқық бұзғандары – 3236. Ал, нашақорлар саны 1232-ге артып отыр. Түйіткілді, мәселенің тағы бірі – ол жастар қылмысы. ІІД мамандарының ақпараты бойынша, жылдың алғашқы айының өзінде, 1106 жасөспірім әртүрлі құқық бұзушылық үшін жеткізілген. 208-і тіркеуге алынса, 92 жайсыз отбасында өмір сүріп жатқан 175 бала тікелей бақылауға алынған. Бүгінде, бас-аяғы тіркеу тізіміне 648 бала алынып отыр. Осыған орай полиция қызметшілері түсіндіру жұмыстарын жіті жүргізуді қолға алып отыр.