Болливудты менсінбеген қазақ актері

0
10

Тараз. 77news — Белгілі кино және театр әртісі Болат Әбділманов үнді фильміне тарихи кейіпкердің рөлін сомдаудан бас тартты, деп хабарлайды 77news.kz тілшілері.

Арнайы комедиялық бағыттағы «Ревизор» қойылымынан ұсыныс түскен сәтте тарихи үнді фильміне де шақырту алған. Бірақ, белгілі кино және театр әртісі Болат Әбділманов Ақтөбедегі сахналайтын рөлін таңдағанын жеткізді.

«Театр басшысы Нұрхан мырза маған алғашқы жобам деп ұсыныс жасады. Сол сәтте маған Болливудтан да шақырту келген болатын. Тарихи үнді фильмінде басты рөлді ойнайды екенмін. Шыны керек, таңдаудың ортасында қалдым. Бірақ, уәдені Нұрханға беріп қойғаннан кейін Болливуд жасаған ұсыныстан бас тарттым. Жүрексініп келгенім рас. Театрдың актерлері шебер екен, шабыт береді», — дейді Болат Әбділманов.