Жамбылда жүк пойызы жолдан шығып кетті

0
63

Тараз. 77news — Жамбыл жерінде жүк пойызы жолдан шығып, аударылып кетті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі. 

Оқиға 12-ақпан күні түскі уақытта орын алған. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Шу – Отар теміржол теліміндегі Көктөбе – Еспе қума жолында №3406 жүк поезының вагондары шойын жолдан шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Поездар тақ жолмен өтуде.

Оқиға салдарын жою үшін Шу және Алматы станцияларынан қосымша қалпына келтіру қызметі жұмылдырылды.

Оқиға салдары тексеріліп жатыр.