WBC Қанат Исламды өз рейтингінен «шығарып тастады»

0
52

Тараз. 77news — Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ресми сайтында 2018 жылғы ақпан айының жаңарған рейтингін жариялады, — деп хабарлайды 77news ақпарат агентігі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бұл кестеде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарының иегері қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жоқ. Бұған дейін ол өз дивизионында алтыншы орында тұрған, алайда WBC қазақстандықты өз рейтингінен алып тастаған соң ТОП-15 тізімінен шығып қалған. Қазіргі уақытта Қанат Ислам бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде көш бастап тұр.

Өткен жылдың қарашасында ұйым қазақстандыққа чемпиондық титулға міндетті үміткермен жекпе-жек тағайындаған болатын. Оның қарсыласы америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) болуы керек еді. Тараптар келіссөз жүргізген, бірақ АҚШ боксшысының командасы Ислам жекпе-жектен бас тартты деген хабар таратты.

Нәтижесінде 24 ақпанда Вера француз Мишель Соромен (31-2-1, 30 КО) кездесетін болды. Еске салайық, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

 Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!