Бомба қойған күдікті ұсталды

0
41

Тараз. 77news — Таразда тәртіп сақшылары лаңкесті құрықтады. Белгісіз бір ер адам «4 мөлтек ауданында орналасқан № 2 емханаға бомба қойдым» деп құқық қорғау органына хабарласқан. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап 77news.kz AA хабарлайды.

Күдікті полицияға сағат 3 жарымдар шамасында қоңырау шалыпты. Жалған лаңкес «өзіне бірдеме бола қалса, емхананы жарып жіберуге» уәде еткен екен. Қоңырау түскен сәттен-ақ №2 қалалық емхана дереу қоршауға алынған. Мұнда экстремизмге қарсы күрес басқармасы, жергілікті полиция қызметі, төтенше жағдайлар департаменті және ұлттық қауіпсіздік комитеттің мамандары келіп, қауіпсіздік шараларын қолға алған. Қажетті құрылғыларды қамдап, қызметтік-іздестіру иттерін жұмылдырыпты.

Тексеру барысында қалалық емхананың маңынан ешқандай жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Құзырлы қызметкерлер жедел іздестіру шарасы аясында 43 жастағы бұрын сотты болған Тараз қаласының тұрғынын тұтқындады. Қазір ол кінәсін толық мойындап отыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!