Тараз. 77news — 2018  жылдың 22 ақпанда Тараз қаласында Азияның VI Агрохимиялық форумы өтеді. Бұл туралы 77news.kz ақпарат агентігі Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Arai plaza» бизнес-орталығында өткізілетін бұл шара – Қазақстандағы ең ірі жобалардың бірі . Бұл жоба отандық тауарөндірушілер, минералды тыңайтқыш өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кешені өндірісінің өкілдері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ТМД елдерінің ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерінің басын қоспақ. Форумның өтуіне өңірдегі ірі кәсіпорын – «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим» МХК АҚ және «КазАзот» АҚ сынды ірі компаниялар мұрындық болуда. Жиында агрохимия, заманауи технология, өнеркәсіптің дамуы, бизнестің даму тәжірибесі бойынша түрлі тақырыптар талқыланатын болады.

Форумға  77TV комерциялық арнасы ұжымы ақпараттық демеушілік қолдау көрсетеді.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!