Тараз. 77news — Жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер жұмыс іздеп бірқатар мекемелердің  табалдырығын тоздырып, біраз сенделетіні анық. Бүгін олардың жұмысқа орналасу мәселелерін жеңілдету мақсатында «Жас түлек-2018» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жоғарғы оқу орнында өткізілген шараға 40-тан астам жұмыс беруші тарап өтініш білідірген.

Шараға бас-аяғы аймақтан 40 астам жұмыс берушілер келген. Бүгінде университеттердің дені «Педагогикалық», «Экономикалық», «Жаратылыстану» бағыттарында кадрлар даярлайды. Мамандардың айтуынша, жұмыс берушілерден қазіргі заман талабына сай шет тілі, техникалық және экономикалық  мамандықтарға сұраныс артып отыр дейді.

Ал, оқу ордасы келісімшарт негізінде екінші деңгейлі банктердің бірі «Банкцентркредитпен»жұмыс істеп келеді. Осылайша студенттері жыл сайын тәжірибеден өте алады. Нәтижесінде жақсы жұмыс істеп, өз мүмкіндігін көрсеткен 3-4 бітіруші түлектерді алып қалуға тырысамыз дейді, — банк директоры.

Жәрмеңкеге келген 4 курс студенті Гүлшат Сайлауова қазіргі таңда «Дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында» физика пәнінен іс-тәжірибеден өтіп жатыр.Сонымен қатар, аймақтағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Қазфосфатта» тәжірибеден өтуге мүмкіндік бар дейді. Алайда, толығымен практика бітіп, қай жерге жұмысқа орналасатынын оқу бітіргеннен соң шешпек.

Басым мүмкіндіктерге ие, терең біліммен қаруланған оқу орнының түлектері университет қабырғасында ұйымдастырылған жәрмеңке көмегімен өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаспақ.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!