Тараз. 77news — Бүгін Тараз қаласы 8 ықшам аудан тұрғыны бесінші қабаттан құлаған 76 жастағы кейуана көз жұмды, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі.

Бұған дейін жазғанымыздай, қарт кісіні Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері құтқарып алған болатын. Содан кейін Тараз қалалық ауруханаға жеткізілген еді.

Дәрігерлердің айтуынша, биіктен құлаған кейуананың бірнеше жері сынған екен. Ауыр соққыны ағзасы көтере алмай ауруханаға жеткізілген соң үш сағаттан кейін көз жұмған. Қарт жанның бұлай терезеден құлауы кездейсоқ емес екен. бұған дейінде бірнеше рет құлаған көрінеді.

76 жастағы жанның не себепті құлағаны белгісіз. Қазіргі таңда себебі тексеріліп жатыр.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!