Оқушы қанды қырғын жасап, 17 адамды атып тастады

0
76

Тараз. 77news — 14 ақпанда Флорида штаты Паркленд қалашығындағы мектепте  17 адам өлтіріліп, 50-ге жуық адам жарақат алған. Бұл туралы CNN округ шерифіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оның айтуынша, қаза болғандардың арасында оқушылар да, ересек адамдар да бар. «12 адам білім беру мекемесінің ішінде атылған. Тағы үшеуі далада, екеуі ауруханада. Зардап шеккен үш адам ауыр жағдайда жатыр», — деді Скотт Исраэль.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, қырғынды осы мектепте оқыған 19 жастағы Николас Круз жасаған. Өткен жылы жігіт «тәртібіне байланысты» мектептен шығарылған екен. Оны «оқушыларға төнген қатер» деп атаған. Сыныптастары болса оның қару-жараққа әуес болғанын айтқан. Николас білім беру мекемесінің ғимаратына кіріп, адынан шыққандардың барлығын ата бастаған.

Оның қолында AR-15 жартылай автомат винтовка мен оның бірнеше оқ-дәрісі болған. Полицейлер мен арнайы жасақ қызметкерлері күдіктіні екі сағаттан кейін бірақ ұстай алған. Қазір ол қамауда.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!