Фото: Prosports.kz

Тараз. 77news — Белгілі футбол маманы, кезінде атақты ойыншы болған Нүркен Мазбаев туған жері Тараз қаласына қайта оралып отыр, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі журналист Айбол Қарашевтың Facebook парақшасындағы жазбасына сілтеме жасап.

Нүркен Мазбаев – Қазақстан футболшысы(шабуылшы). Қазақстан футболының тарихындағы ең үздік ойыншы Нүркен Мазбаев 4 маусымда 1972 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Нүркен Мазбаев 1992 жылы 20 жасында «Тараз» сапында ойнап, футболдағы алғашқы табысты еңбек жолын бастайды. Ол — 1992-1997 жылдар аралығында «Тараз» сапында 159 рет алаңға шығып, 59 гол салған саңлақ. Алты маусым қатарынан клубтың үздік шабуылшысы атанады. 1995 жылы алғаш рет күміс жүлдеге қол жеткізеді. Келер мауысымда алтын жүлдеге ие болды. Клубтың алғашқы чемпиондық атағына мерген шабуылшы Нүркеннің қосқан үлесі орасан зор. 1997 жылы «Таразбен» тағы да жүлделі екінші орынды иеленеді. Сол жылы облыс әкімі ауысып, команданың жағдайы қиындай бастады. Клубтың біраз ойыншылары әр түрлі себептермен команда ауыстырады. Нүркен де клуб ауыстырып, «Қайсар» клубының сапына өтеді. Қайсар клубында 1998-1999 жылғы маусымда 33 ойын өткізіп, 25 рет гол соқты. Әрі еліміздің ең үздік шабуылшысы атанады. Нүркен Мазбаев «Тараз», «Қайсар» сияқты командаларда доп тепкен соң, 1999 жылы оңтүстіктің тағы бір командасы «Синтез» клубына ауысады. «Синтез» клубында бар жоғы 14 рет қана алаңға шығады. Ал 2000 жылдардың басына Астананың «Жеңісінен» ұсыныс түсіп, Астана клубының құрамына қосылады. 2001 жылы қайтадан оңтүстік өңірге оралып, «Достық» клубымен келісім-шартқа отырады.

Нүркен Қалдыбекұлы «Тараз» футбол клубында жаттықтырушы-сұрыптаушы қызметін атқармақ.

Сондықтан, ол алдағы уақытта «Тараз» футбол клубына жан-жақты көмектесетін болады.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!