Фото: Vlasovka.com.ua

Тараз. 77news — Тараз қаласының жергілікті полиция қызметі бастығы және басқа да бірқатар лауазымды тұлғалар бағынышты адамдардан пара алу туралы күдікті ретінде ұсталды, — деп хабарлайды 77news.kz ақпараттық агентігі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 14 ақпанда арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары мен құпия тергеу іс-әрекеттерінің нәтижесінде Тараз ЖПҚ лауазымды тұлғалары жүйелі түрде бағынышты қызметкерлерден пара түрінде ақша жинауды ұйымдастырғаны үшін істі болды.

«Тараз қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімше бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Буйтеков Ж., батальон командирі полковник Жолдасбеков Б. ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында бірнеше рет (6 факті) жергілікті полиция қызметі  бөлімшелерінен қаражат жинауды ұйымдастырып, 700 мыңнан астам теңге пара түрінде ақша алғаны анықталды. Сонымен қатар, ақшаны  жинауды тікелей батальон командирінің орынбасары Жангабылов Д. және ЖПҚ инспекторы Жахай Н. орындаған. Кейіннен оларды Жолдасбековке беріп отырған,» — деп хабарлайды агенттіктің сенімді ақпарат көзі. 

Қазіргі таңда ЖПБ басқа қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық шарасына қатысы бар жоғы тексерілуде.

Буйтеков пен Жолдасбеков Тараз қалалық Ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Бұл дерек Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментіне ресми хабарланбаған.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!