Тараз. 77news — Мұратхан Тоқмәди сотта өз кінәсін мойындап, жауап беруге әзір екенін жеткізді,  — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

Прокурор көрсетілген айыптауларды оқып шыққаннан кейін судья басты сот отырысының қандай тәртіп бойынша өтетінін түсіндірді.

Сотталушы мұнымен келісіп, түсінік беруге дайын екенін айтты. Қазіргі уақытта бизнесмен сот алдында жауап беріп жатыр.

Мұратхан Тоқмәди ісі «Банк Тұран Алем»АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Е.Н.Тәтішевті Қордай ауданында аңшылық кезінде өлтіргенін мойындағаннан кейін Тараз қалалық сотына жолданып, айыпталушыны жеткізген болатын.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!