Фото: Tengrinews.kz

Тараз. 77news — Жұма күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 долларға 319,32 теңгені құрады, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,21 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 318,49 теңге, ал ең жоғарысы  320 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 168,4 млн долларға жетті.

Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 320,53 теңге, күндізгі сессияда — 320,12 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 320,42 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 279,4 млн долларды құраған.

Еске сала кетейік, доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша сейсенбі күні 3,24 теңгеге, яғни 327,97 теңгеден 324,73 теңгеге, сәрсенбі күні  — 2,28 теңгеден 322,45 теңгеге дейін, бейсенбі күні 1,92 теңгеге 320,53 теңгеге дейін төмендеді.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!