Фото: Ағаділ Рысмахан

Тараз. 77news — Синоптиктер 2017 жылдың 17-19 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген аудандарында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып, қар әлі де болады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градустан төмен болады екен.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!