Фото: 7292info.kz

Тараз. 77news — Қазақстан Жер шарындағы ең бақытты ел ондығына кірді Gallup International басылымының жыл сайын өткізетін зерттеуіне сәйкес, Қазақстан 74 бақытты ел тізімінде 6-орынға шықты, — деп хабарлайды massaget.kz мәліметіне сүйеніп 77news.kz ақпарат агентігі.

«Сіз өзіңізді бақытты не бақытсыз сезінесіз бе, немесе өзге жауабыңыз бар ма?» деген мәндегі сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 76%-ы бақытты, 2%-ы бақытсыз, 19%-ы белгісіз десе, 3%-ы жауап беруден бас тартқан. Осындай сұрақтарға негізделген зерттеу жауаптары бойынша, Фиджи, Колумбия, Филиппин аралдары, Мексика және Вьетнам мемлекеттері Қазақстанның алдындағы сатыларға орнықты.

Фото: massaget.kz

Ал, зерттеушілер тізімнің соңына орналастырылған Иран, Ирак және Украина елдерінің тұрғындары ең бақытсыз адамдар екенін айтады. Өйткені, сауалнама көрсеткіші осындай нәтиже беріп отыр.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!