Фото: ratel.kz

Тараз. 77news — Delta Bank жұмысын тоқтатты. Енді, сот шешімімен банк салымшыларының депозиттері кері қайтарылатын болады, — деп хабарлайды 77news ақпарат агенттігі.

Еліміздің депозиттерге кепілдік беру қоры мен Ұлттық банк салымшыларына кепілдендірілген депозиттерін қайтарып берумен айналысатын «банк агентті» таңдау рәсімін бастады. Сарапшылардың пікірінше, «банк агенттің» жұмысы пруденциялық нормативтерге сай келуі тиіс. Байқауға қатысуға ниетті екінші деңгейлі банктер 20 ақпанға дейін өз өтініштерін бере алады. Ал  банктің Астана, Алматы және Атырау қалаларында филиалдары қызмет көрсеткен. Қаржылық ұйымда 2200 –ден астам жеке тұлғаның 130 млн теңгеге жуық депозиті болған.