Фото: Stan.kz

Тараз. 77news — Былтыр істі болған Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов биыл көпшіліктің алдына шығып, сұхбат бере бастады, — деп хабарлайды журналист Аман Тасығанның «Talklike» бағдарламасына сілтеме жасай отырып. 

Ол Ерлан Біләлдің ісін көбісі «Жаманқұлов ұйымдастырды» деп күдіктенгенін жасырмады.

«Оны да (Ерлан Біләлдің ісін меңзеп) маған қарай бұрыңқырап, мен ұйымдастырды дегендей, тұспалмен, ишарат етіп… Мен оған қалай барамын? Ол менің шәкіртім. Егер мен «Ұят болып қалыпты, негізі олай емес» десем, ол мойнына алып қойды. Өзі де бір-екі жерлерде маған қарсы шығып, сөйлеп, менің спектакльдерімді алып тастаған репертуардан», – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Сонымен қоса, Айжан Байзақова және «Ninety one» тобы туралы көзқарасын айтты. Жаманқұлов Айжан Байзақованың қылығын теріс деп таныса, «Ninety one» тобының шығармашылығымен таныс емес екен.

«Олар қазіргі заманның, қазіргі кезеңнің, ұлтымыздың болашағы мен ертеңінің мысалы бола алмайды. Онымен үрей көтеруге болмайды. Әрине, назар аудару керек. Бірақ түптің түбінде аса қиын жағдайға жете қоймаспыз деп ойлаймын. Өйткені зерделілер бар, жастардың ішінде де ұлттық намысы терең, шайқалмайтын қазақылық мінез-құлқы барлар да жетіп артылады», – дейді Жаманқұлов.

Сұхбат барысында Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне және жары актриса Дәрия Жүсіпке аздаған қысымның бар екенін айтты.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!