Тараз. 77news — Баян Мақсатқызының халықты шулатқан тағы бір туындысын желіде жария етті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі. 

10 жыл бойы сахнаға шығып жүрген Алагөзованың КешYou тобы жаңа бейнебаян таспалап, тыңдарманын тағы бір шулатты.

“Сиситай” кинокартинасының саундтрегі “Swala la la” деп аталатын туынды да Баянның қыздары жартылай жалаңаш киініп, жалмауыздай боянып шыққан. Жаңа бағыттағы тың тректі Баянның қыздары Baller есімді рэпермен бірге орындаған.

Бұл КешYou бұрынғыдан өзгерек! Бұл жолы қыздардың әні ғана емес, образдары да 180 градусқа кері өзгерген. Көк түсті қас, қызыл түсті шаш! Бұған дейін қазақы нақыштағы киімдер киіп, ел жүрегінен орын алған топ қыздары бұл жолы ашық үлгідегі киімімен де көзге түсті.

Бір қызығы, топ қыздары түсірілім барысында ешқандай стилистпен жұмыс істемеген. Бейнебаян желісі, ондағы қыздардың имиджі – түгелімен Баян Алагөзованың идеясы. Бұл туралы КешYou қыздары НТК арнасына берген сұхбатында айтқан болатын.

Алайда топтың жаңа жұмысы тыңдарманның оңды бағасынан үлесті бола алмады. Көпшілік КешYou-дің тың туындысын жаппай сынға алды.

Жағымсыз пікірге қарамастан, Алагөзова бастаған топ діттеген мақсатына жетті деуге болатын шығар. Себебі желіні шулатқан бейнебаянды небәрі бір күнде 257 мыңнан аса адам тамашалап үлгерген.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!