Фото: DalaNews.kz

Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды 77news  ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі  Асқар Мырзахметов  облыстың экономикалық дамуында тұрақты динамика сақталды деп баға берді.

Индустриалды-инновациялық бағдарламалар бойынша 2017 жылы 13 млрд қаржыны қамтыған жоба іске асырылған, нәтижесінде 716 жұмыс орны  ашылған. Биылғы жылы 451,8 млрд қаржыны қамтитын 9 жобаны іске асыру жоспарға алынып отыр.  Егер  міндеттелген  меже орындалса, 3379  жұмыссыз еңбекпен қамтылмақ.