«Әзірбайжан халықаралық банкіндегі ақша елге қайтарылады»,-Бақыт Сұлтанов

0
43

Тараз. 77news — Бүгін өткен Жамбыл облысы әкімінің халық алдында берген есептік кездесуіне Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та қатысты.  Ол жиын барысында қаржылық қор жинауды төл валютамызда жүзеге асыру тиімді екенін айтты, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі. 

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның қаржылық жай-күйін баяндап, Жамбыл облысына жолданған қаражат есебіне токталып өтті.

Сондай-ақ, сөз соңында жергілікті жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді. Алғашқы, әрі өзекті сұрақ — бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған 200 млн доллар көлеміндегі инвестициялық қаржыны елге қайтару жолы. Бұл мәселе бүгінде екі мемлекет арасында шешімін тапқан көрінеді.

«Елдің еңбекпен келген ақшасы, яғни зейнетақы қорындағы қаржысы Әзірбайжан елінен қайтарылады. Біз бұл мәселені шешіп қойғанбыз. Ол қаражат енді тек банктың қарызы емес, ол бұдан кейін Әзірбайжан елінің тікелей Қазақстанға берешегі саналады. Бұл қаржы қайтарылып қана қоймай, сонымен қатар табыс әкеледі. Себебі бізге ол қаржы 15 жылда 3,5%-бен, шамамен 400 млн доллар болып қайтады»,- дейді Бақыт Сұлтанов.

Барша қазақстандықтарға маңызды биткойн криптовалютасы төңірегіндегі сұраққа қаржы министрі артық қаражаттарыңызды ұлттық төл валютамыз теңгемен сақтауды ұсынды. Министрдің айтуынша, ең сенімді, әрі тиімді валюта, ол — теңге.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшасынан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!