Тараз. 77news — Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов 2017жылғы Әулиеата өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін баяндаған есептік жиында 2025 жылы облыстың өңірлік жалпы өніміндегі ауылшаруашылығы өндірісінің үлес салмағын 25%-ға жеткізу керектігін айтты, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі тілшісі. 

Облыс басшысы Асқар Исабекұлы межелі міндетті орындау үшін ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында нақты алты тапсырмамен жұмыс істеу жөн деп ескертті.

«Біріншіден, өңірдің агроөнеркәсіп саласының кешенді Картасын әзірлеу керек. Облыстағы барлық санаттағы жерлерден бастап, ауылдағы мал саны мен жайылымдық көлемі, қажетілігі, шешу жолдары, суғару жүйелері мен инфрақұрылым туралы деректер, дамыту жоспары басқа да өзекті мәселелер осы құжатта қамтылатын болады.

Екіншіден, сұранысы жоғары майлы дақылдар немесе техникалық және мал азығы дақылдарының алқабын көбейту қарастырылсын.

Үшіншіден, суармалы жерлердің әр гектарының тиімді пайдалануын зерделеп, пайдаланудан шығып қалған егістік жерлерді қайта айналымға қосу жоспарлансын.

Төртіншіден, тұқым сапасы мен агрохимия жұмыстарын жүйелеу керек. Егістік алқаптарын тыңайту, минералды тыңайтқыштар қолдану жұмыстарын тоқтатпау керек.

Бесіншіден, су тапшылығын жою қолға алынсын. Шағын тоғандарды қалпына келтіру, сондай-ақ тоғандар салатын жаңа мүмкіндіктерді қарастыру көзделіп отыр.

Алтыншыдан, шаруаларды ірілендіру жұмыстары жүргізілсін. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен мүмкіндікті пайдаланып, кооператив құру мен оларды дамыту керек», — деді өңір басшысы.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!