Тараз. 77news —  Жемқорлық — індет, алдын алу баршаға міндет. Қоғамға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау әлеуметтік құбылысқа, енді дін саласының мамандары да білек сыбана кірісіп отыр, — деп хабарлайды 77news тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы департаменттің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жиында, діни бірлестік басшылары бастаманы қолдап, өз ойларын ортаға салды. Өңірде 400-ден астам діни бірлестіктер бар екенін ескерсек, қаншама халыққа ой салу да, дін саласындағы жандарда мүмкіндік мол.

Кеңейтілген кездесуде, дін істер басқармасының басшысы салаға енгізілуі тиіс, заң жобасын да таныстырды. 12 нормативтік заңнама­лық актіге, 53 өзгеріс пен толық­тыру көзделген.  Олардың бірінде, қоғамдық орындарда адамның бет-бейнесін тұмшалайтын киім киюге тыйым салынады десе. Ендігісі, деструктивті діни ағымдарға жататын киім түрлеріне  тыйым салу көзделген. Бірқатар нормалада, базалық діни білім алмаған азаматтардың шетелге барып діни оқуға түсуіне шектеу енгізу көзделіп отыр.