Фото: Krasnyluch.su

Тараз. 77news — Биыл Сарысу ауданын газадандырудың алғашқы қадамдары жасалады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі.

Былтырғы жылы облыс бойынша табиғи газды тұтыну көлемі 1,5 млрд. текше метрді құрап, 2016 жылғы көрсеткіштен 27,63%-ға жоғары болған екен. Өткен жылы халықты газбен қамтамасыз ету жобасы аясында жалпы құны 3351,5 млн теңгеге 6 жоба іске асырыған.

Бұдан кейін де облысты толық газдандыру мәселесі алдағы уақытта да өз жалғасын табады, деп шегелеп айтты әкім есептік кездесуде 45 мың халқы бар Сарысу ауданы тұрғынының газ тарту неге созылып кетті деген сауалына жауабында.

«Мен жақында Астанаға барған сапарымда Үкімет басшысына, жауапты министрлерге кіріп, облыстың бір қатар мәселелерін көтерген болатынмын. Соның ішінде осы Сарысу ауданын газдандыру мәселесі де бар болатын. Бүгінгі таңда Сарысу ауданына газ тарту жұмысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бұл жұмысты биыл бастау жөнінде министрлікке өтінім бердік. және облыстық бюджеттен қаржы бөлуге  дайын екенімізді де айттық», — деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!