Фото: Kaz.tengrinews.kz

Тараз. 77news — КВН ойыншысы Нұрлан Қоянбаев енді «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізбейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап 77news.kz ақпарат агентігі.

Бұл мәліметті QAZAQSTAN телерадиокорпорациясы басқармасының төрағасы Ерлан Қарин растады.
«Біз 1 наурызда ашылатын жаңа маусымға белсенді түрде дайындалып жатырмын. Бірнеше бағдарлама жаңартылған форматта шығатын болады. Оның ішінде «Түнгі студия» бағдарламасы бар, онда енді басқа жүргізуші болады. Нұрлан Қоянбаев өзінің шығармашылық жобаларымен айналысуды шешті. Бұл мәселені 2017 жылдың жазында — Нұрлан Қоянбаевтың телевидение саласынан біраз уақытқа кеткісі келгенде талқылаған болатынбыз. Сонда біз Нұрланның осы жобаны жылдың соңына дейін жүргізетінін шешкен едік. Оған осы үшін алғыс айтқым келеді. Енді «Түнгі студия» жаңа форматта шығатын болады», — деді Ерлан Қарин.
Сондай-ақ, ол «Түнгі студияда» бағдарламасының жүргізушісі кім болатыны жақын арада мәлім болатынын айтты.
Біздің  жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!