Фото: Turkystan.kz

Тараз. 77news — Баспанасыз әскерилер енді жаппай үймен қамтылмақ. Жамбылға жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаттары, жағымды жаңалықты өздерімен ала келген. Оңтүстік әскердің қауқарын өз көздерімен көргелі келген халық қалаулылары өңірдегі бірқатар әскери нысандарда болып, ондағы сарбаздармен сұқбаттасты, деп хабарлайды 77news тілшісі.

Айбынды әскердің жаттығуына жоғары баға берген депутаттар, өңірге қарасты бөлімшелердің техникалық құрылымымен де танысты. Халықаралық қарулы күштер комитетінің мүшелігіндегі ел  ағалары әскери қызметкерлердің отбасымен де жолығуды ұмытпады. Бүгінде олардың басты мәселесі болған баспана жайынының оң шешімін табатынын жеткізді. Бұл мақсатқа ел қоржынынан 47 млрд теңге бөлінген. Бұған дейін әскерилер мемлекет берген пәтерақыға баспана жалдап келсе, енді тұрғын жаймен қамтуға мүмкіндік туып отыр.