Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында бүгін ақпараттық топ облыстық қан орталығында денсаулық саласының өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды 77news ақпарат агенттігі.

Еліміздің қаржы министрінің жауапты хатшысы Бауыржан Төртаев бастаған топ медицина саласының мамандарымен кездесті. Басқосуда басты құжатта аталған халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Заманауи денсаулық сақтау аурухананың қымбат емделуіне емес, аурулардың алдын алуға көп көңіл бөлуі керек. Сондай-ақ, саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керектігі сөз етілді.