Фото: Tengrinews.kz

Тараз. 77news — Сейсенбі күнгі Қазақстан қор нарығындағы  таңертеңгілік сессияның нәтижесі бойынша 1 АҚШ долларына шаққандағы ұлттық валюта бағамы 318,58 теңгені құрады, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі қор нарығына(KASE) сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 0,24 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 318 теңге, ал ең жоғарғысы 318,8 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 45,1 млн долларға жетті.
26 ақпанда доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 318,82 теңге, күндізгі сессияда — 319,03 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 318,91 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 176,9 млн долларды құраған.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!