Тараз. 77news — Жамбыл облысы Ақыртөбе ауылы тасқын су құрсауында қалды. Бұл туралы  Ақыртөбе ауылының тұрғындары бейнежазбада айтқан, — деп хабарлайды 77news.kz.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, еріген қар суы көшелерді шайып кеткен. Бұл мәліметті Жамбыл облысы ТЖД баспасөз мамандары да мақұлдап, Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылындағы келеңсіздік 27 ақпан сағат 12:30-да басталғанын айтты.

 «Қардың еруі салдарынан аталмыш ауылдағы Көктал көшесіндегі бес үйдің ауласын (№5, 7, 8, 13, 15)  су шайып кеткен. Елдімекенді табиғаттың тылсым мінезі келтірген зияннан тазарту үшін әкімшіліктен (15 жұмысшы және бір техника), ТЖ Департаментінен (4адам мен бір техника), аудандық ТЖ бөлімінен (екі адам мен бір техника), сондай-ақ жиырмаға жуық ауыл тұрғындары тартылды, -деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

ТЖД мамандары қар суының ауылды басу ауа температурасының күрт жылынуынан болып отырғанын ескертті. Сонымен қатар, тұрғындардың өз аулаларын қардан дер кезінде тазартпай, салғырттық танытқандарының салдары екен.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!