Фото: Ағаділ Рысмахан

Тараз. 77news — Синоптиктер Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығысы бойынша 2018 жылдың 3-4 наурыз аралығында ауа райы халық үшін қолайсыз болмақ, — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«2018 жылы наурыздың 3-4-і Қызылорда да, наурыздың 4 күні Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары бойынша жауын-жашын түсуі (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты күтіледі. Осыған байланысты, қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. Су деңгейлері көтеріліп су басуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!