Фото: Аймырза Қалембаев

Тараз. 77news — Өткенді екшеп, келешекті кемелді ету үшін Жамбыл облыстық Әділет департаменті басшысы халық алдында есеп берді, — деп хабарлайды 77news ақпарат агенттігінің тілшісі.

Адалдықты ту еткен департамент мамандары былтырғы жылы толайым табысты еңбек еткен екен. Алайда, орны толмаған олқылықтар да кездескен. Біткен істі бағалау сіздерден, кемшілікті жою біздерден деп бастады есептік баяндаманы мекеме басшысы.

Былтырғы жылы Әділет департаменті мамандары мемлекеттік стартегиялық бағдарламалардың барлығын толықтай іске асырған. Мәселен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жеке сот орындаушылардың институтын дамытуды қолға алған. Сондай-ақ, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткішін көтеру үшін министрлік бекіткен 4 индикатор бойынша жасалған жұмыс жолға қойылған.  Сонымен қатар әділеттіктер көрсететін қызмет түрлерін цифрландыру үрдісі жүргізілуде. Мәселен, былтырғы жылы халық қолданатын әділет департаментінің 80-ге жуық қызметінің 25 % электронды түрде жүргізілген екен.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!