Фото: Liter.kz

Тараз. 77news — Жамбыл облысында былтырғы жылы 22 бала суға батып кеткен. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының өткен жылға берген есептік қортындылары осыны көрсетті, — деп хабарлайды 77 news.kz ақпарат агентігі.

Былтырғы жылы Жамбыл облысының аумағында 33 адам суға кеткен. Олардың жартысынан астамы, яғни 22-сі балалар екен.

«Жамбыл облысы ТЖ департаментінің 2017 жылғы жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері жөнінде» баспасөз конференциясында ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерік Алпысбаев қараусыз қалған балалардың суға кеткенін айтты.

«Облыс аумағында 3 арнайы жасақталған орында шомылу рұқсат етілген: Тараз қаласындағы «Зербұлақ» көлі, Жаңатас және Қаратау қалаларындағы қалалық жағажайлар. Облыстың су айдындарында қайғылы оқиғаларды болдырмау және адамдар өлімінің алдын алу бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, 2017 жылы суға батып кеткен 33 адамның 22-сі бала. Балаларды ата-анасы қараусыз қалдырған», — дейді ТЖД бастығының орынбасары.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!