Фото: Ғани Айдарқұлов

Тараз. 77news — Байзақтық оқушылар арасында ментальді арифметикаға деген қызығушылық артып келеді, — деп хабарлайды 77news  тілшісі.

Осындай оқытудың арқасында кішкентай балалар күрделі математикалық амалдарды ойша есептеп, жауабын бірден айта алады.  Міне, сол себептен де халықаралық дәрежеде мойындалған бағдарлама ата-аналар арасында кең таралған.

Балалардың ақыл-ой қабілетін санақ жүргізу арқылы дамытатын әдістеме арқылы қазір ұстаз қауымы өңірлік оқушыларды тереңдетілген математикаға баулуда.  Мәселен, Бурыл ауылдық округінде де дәл осындай оқыту орталғы жұмыс істеп жатыр. Ал, ментальді арифметиканы оқу арқылы,  біліктілігін арттырғандардың бірі — Гүлмира Дүйсебаева. Енді ол   ментальді арифметиканың әдіс тәсілдерін  балаларға үйретуде. Ұстаздың айтуынша, бұл әлеуметтік жоба ауыл мен қала арасындағы білім деңгейін теңестіреді, —  дейді.