Фото: Ақәділ Рысмахан

Шындықты домбыраның шанағына сыйдырып, дана ділмәрлары атанған айтыскерлер Таразда бас қосқан еді. Аламан айтыс деңгейі – республикалық. Суырып-салмалығымен сахнаға  16 адуынды ақын шығып, дес бермеді. Сөзден сүрінбеді.Тараз төрінде кіл мықтыдан кім мықтыны өзара анықтады.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Қазылар алқасының шешімімен ІІІ орын мен 500 мың теңге Мұхтар Ниязовтың қанжығасына бұйырды. ІІ орын мен 700 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйға өз өңірімізден шыққан жас ақын қыз Аруна Керімбек лайық деп танылды. Ал, І орын мен 1 миллион теңгеге Болатбек Оразбаев ие болды. Айтыстың бас бәйгесін мен 1,5 млн теңгені Рүстем Қайыртайұлы жеңіп алды.

Фото: Ақәділ Рысмахан
Фото: Ақәділ Рысмахан
Фото: Ақәділ Рысмахан