Фото: Drive2.ru

Тараз. 77news — Қазақстандағы  АвтоБизнес ассоциациясы (ҚАБА) 1 шілдеден бастап ел аумағына электронды автоқұжат енгізу жұмыстарын бастайды, — деп хабарлайды 77news.kz «ҚазАқпарат» ХАА-не сілтеме жасап.

Өздерінің Facebook парақшасына ҚАБА былай деп жазады: Электронды автоқұжатқа автомобиль «өмірінің» барлық тарихы енгізіледі. Оның ішіне техникалық сапасынан бастап, жол-көлік оқиғаларына қатысты жағдайы, техникалық қызметтен өтуі басқа да шектеулерге қатысы бар екені жазылады.

«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап көлік құралдарының автоқұжатқа өтуі Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндегі құжаттарды жеделдетіп, бизнестегі операциялық жұмыстарды жеңілдетеді»,-деп жазылған хабарламада.

Енді қолдан көлік сатып алғалы тұрған кез келген адам арнайы порталға кіріп автомобильдің тарихымен оңай таныса алады.

Электронды автоқұжат жүйесіне өту кезең-кезеңімен іске асырылады. Құжат барлық ЕАЭО елдерінде бірдей болады.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшасынан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!