Түрмедегі бейберекетсіздік

0
65

Тараз. 77news — Қылмыстық-түзету жөніндегі комитет Тараз қаласындағы  ЖД-158/4 мекемесінде аштық жариялап, аузын тігіп қойған сотталушы жайлы түсініктеме берді, — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі комитет баспасөзпарағына сілтеме жасап.

«Қырғызстан Республикасының азаматы өзінің аузына өзі жеңіл түрде жарақат салған. Ол түзеу мекемесінің медициналық бөліміне көңілі толмаған және дәрігерлердің ем туралы берген анықтамасымен келіспегендіктен осындай сорақы қадамға барған екен. Қырғыз азаматы қыс бойы медициналық мекемеде тұрақты жалпы денсаулықты қалпына келтіретін терапиялық ем алған,»- делінген хабарламада.

Бұл факт ақпараттық есеп кітабына тіркелді. Және Тараз қаласының ІІБ-нің тергеу-жедел тобы осы жерге шақырылып, іс таныстырылды.

Істі қарау барысында сотталушының үшінші топтағы мүгедек екендігі анықталды.

«Алайда, Қырғызстан Республикасының азаматтығына байланысты мүгедектігі еш жерде тіркелмеген. Қазіргі уақытта сотталушының жалпы жағдайы қанағаттанарлық«, — деп атап өтті ҚТЖК мамандары.

Фото: i-news.kz

Құқық қорғау мамандарын аяғына тік тұрғызған бұл адам есірткі препараттарын аса ірі көлемде таратқаны үшін 2016 жылы 15 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өзінің түрмедегі қалған мерзімін отанында өтеу туралы жазбаша өтініш жазған болатын.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2017 жылдың басында түрмедегі қырғыз азаматы Қырғыз Республикасына ауыстыру мүмкіндігін қарастыру үшін тиісті құжаттарды жіберді. Алайда, көрші мемлекеттің Бас прокуратурасы тұтқынның тілегін орындаудан бас тартты«, — деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-түзету жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдары Қырғызстан азаматы Тараздағы 158/4 түзеу мекемесінде қамақта отырған Тентемишев аштық жариялап, наразылық білдіріп, мекеме әкімшілігі тарапынан «этникалық негізде кемсітушілікпен қысым жасағаны» туралы айтып, аузын тіккенін хабарлады.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшасынан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!