Тараз. 77news — Өңірдегі Матыбұлақ оқу палигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдері мен  барлаушылар арналған  кешенді оқу-жаттығу жұмыстары аяқталды.

Бәсекеге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының әскери бөлімдері арнайы келген. Жаттығудың алғашқы кезеңінде  жауынгерлер ұрыс даласында дайындығын  сынаған еді.  Арнайы бекітілген аймақтық барлау жұмыстарынан кейін, әуеден соққы жасау әдісі бойынша жұмыстар жүргізілді. Кешенді оқу-жаттығудың қорытынды бөлімінде барлаушылар биіктен құрықтауды  және қорғанудың әдіс тәсілдерін тиянақтады.