Фото: On.kz

Тараз. 77news — Жамбыл облысы Жуалы ауданында 41-жасар ер адам суға кетіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған, — деп хабарлайды 77news.kz тілші ТЖД аудандық бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Қарабастау ауылынан 2 км қашықтықтағы «Билікөл» көлінде орын алған. 1977 жылғы жігіт балық аулап жүріп, тілсіз жаудың қармағына ілінген екен. Балықшының денесі жергілікті тұрғындардың көмегімен жағаға шығарылып, полиция мамандарының қолына тапсырылған.

Бүгінде көлге кеткен жігіттің жұмбақ өлімі тексерілуде.