Фото: zhambylnews.kz

Тараз. 77news — Тараз тұрғыны 10 жасар бала жоғалып кетті, — деп хабарлайды 77news ақпарат агентігі ZhambylNews АА сілтеме жасап. Із-түзсіз жоғалған бала  Денис Свиридов 5 наурызда үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Денис Свиридов, 2007 жылы туылған.  Ол — №2 орта мектептің оқушысы. Болжам бойынша, Денис бұрынғы қалалық аурухана маңында жолғалған болу мүмкін. Баланың айырықша белгілері: қара күртеше, көк шалбар және етік киген, арық қоңыр көзді қара шашты.

Әлеуметтік желілерде таралған хабарламада бала жүру бағытын шатастырып, үйді таппай қалуы мүмкін делінген.

Егер баланы көрген-білгендер болса, полиция бөлімшесіне немесе жоғалған баланың анасына мына телефон нөмері +7 707 914 9085 арқылы хабар берсеңіздер.