Тараз. 77news — Таразда 8 наурыз мерекесіне орай арулар байқауы өтті. Үш кезеңнен тұратын сайыста Бас жүлдені №32 орта орта мектептің оқушысы Айдана Жеңісбаева иеленді, — деп хабарлайды 77news тілшісі.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін конкурсқа қатысуға ниет білдірген бойжеткендер арасынан 12 ару іріктеліп, бақтарын сынады. Биылғы байқауға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Екі кезеңнен тұратын сайыста   жүзіне иман ұялаған арулардың ақылы мен білімі, көркі мен сымбаты сынға түсті. Олар барынша ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға тырысты.  Нәтижесінде, Бас жүлдені №32 орта мектептің оқушысы Айдана Жеңісбаева иеленді, 2 орынды №11 орта мектептің Диана Жанасбек еншіледі, Айнақыз Қыдыралиева 3 орынның тұғырынан көрінді.