Фото: face.ge

Тараз. 77news — Синоптиктер 2018 жылдың 8-12 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Қазақстанда мереке және демалыс күндері көктемгі тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы және шығыс өңірлерінде, жаңбыр басым, жауын-шашын, қатты жел, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метр күшейіп, температураның жоғарылауын шақыратын циклон, Каспийдің оңтүстік бөлігінде қалыптаса бастады. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8-13, кейбір жерлерде 18, 15-20, кей жерлерде 25 градус, шығысында 3…8 жылы болады», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарына Батыс Сібірден суық, ылғалды ауа массалары келе бастайды. Осыған байланысты қар мен жаңбыр, сондай-ақ боран, көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-23 метрге дейін және күн суытады.