Тараз. 77news — Жылулыққа, шуаққа толы мереке 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні — қоғамның нәзік жанды мүшелері үшін ерекше. Бұл күні ер азаматтар ойы мен қиялы ұштасып, сый жасауда небір тапқырлыққа барып жатады. Бәрі де жылына бір келетін мерекеде назды қыздарды еркелетіп алу үшін жасалады. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған мына бейнебаян Шымкент қаласы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлерінің туындысы екен. Тапқырлықпен,  ұқыптылықпен жасалған құттықтау барша қазақстандықтардың көңілінен шығып, көпшілікке тез таралып кеткен.