Фото: kg.akipress.org

Тараз. 77news — Қырғыздар ет асудан әлемдік рекордты басып озды. Бішкекте 1 464 келі болатын жылқы еті мен ұзындығы 117 метр қазы дайындалды, — деп хабарлайды 77news.kz АА akipress.org.  сайтына сілтеме жасап.

Шараны ұйымдастырушылардың бірі Жамалбек Ырсалиевтің айтуынша, дайындалған ет Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Барлық санитарлық талаптар сақталып, шара барысы толығымен тіркелген.

Фото: kg.akipress.org

Үлкен қазандағы асты бақылауға Швеция мен Италиядан келген екі аспаз қатысты.

Фото: kg.akipress.org

9 бас жылқы сойылып, сиымдылығы 150 литрлік 12 тайқазан құрылған.

Фото: kg.akipress.org

«Қырғыз тилектештиги» қоғамдық бірлестігі бұл шараны жыл сайын 5 наурызда атап өтілетін Қалпақ күніне арнаған. 8 наурызда Гиннестік рекордтар кітабынан жауап келген. Онда бірінші бөлімнен осы шара сәтті шыққаны атап өтілген. Қазір екінші бөлім құжаттары әзірленген, фото және видео тіркеу жүргізілді. Қорытынды екі аптада әзір болады деп хабарланған.

Фото: kg.akipress.org

Дайын болған асты жиналған қонақтарға үлестірді. Ең алдымен жеті облыстан жиналған ақсақалдарға дәм татқызды.

Фото: kg.akipress.org

Еске сала кетсек, 2015 жылғы 6 шілдеде 746 келі ет асылып, осы шараны ұйымдастырушыларға Гиннестің рекордтар кітабының сертификаты табыс етілген болатын.

Фото: kg.akipress.org

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!