Фото: Odpublic.net

Тараз. 77news  — Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 12 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде  ауа райы құбылмалы болады, оңтүстік және шығыста кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, Республиканың басым бөлігінде тұман күтіледі. Кей жерлерінде көктайғақ, жел күшейіп, оңтүстікте найзағай ойнайды, — деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с, кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде тұман, найзағай ойнауы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 25/с  жетеді.

 Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын.

Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде — көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20м/с болады.

Алматы облысының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!