Тараз. 77news — Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында банкир Ержан Тәтішевтің өлімі бойынша қылмыстық іске қатысты  тараптардың жарыссөзі басталғанын айтады 77news.kz

Алдымен мемлекеттік айыптау өкілдері Асхан Нұрлыбаев пен Ілияс Есқалиевтер сөйледі. Олар сотталушы Мұратхан Тоқмәди, куәгерлер және сарапшылардың қатысуымен тергеу амалдарының видеосын  көрсетіп, Мұхтар Әблязовпен байланысты 14 жыл бұрынғы адам өлтіру оқиғасының толық картинасын көрсетті.

«Біз құқықтық зайырлы елде өмір сүріп жатырмыз. Әрбір адам өмір сүруге құқылы. Ешкімнің де біздің Конституциямыздың негіздеріне қол сұғуға қақысы жоқ. Сотталушының ерекше қоғамдық қаупін ескере отырып, соттан ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін 11 жыл және алты ай бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұраймын», — деді Ілияс Есқалиев.

Ол Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2017 жылы шығарған үкіміне ішінара қосыла отырып, қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемеде 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы айтты.

Жазасын жеңілдететін шарттар ретінде жас балаларының бар екендігі, қылмысына өкінетіндігі және жұмыс орнынан берілген жақсы мінездеме атап көрсетілді. Жазасын ауырлататын шарттар айтылған жоқ.

Еске сала кетейік, «КазСтройСтекло» ЖШС иесі Мұратхан Тоқмәдиге «Тұран Әлем Банкі» АҚ бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті өлтірді деген айып тағылуда.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!