Тараз. 77news — Қазақ телевизиясына — 60 жыл. Ұрпақтар сабақтастығы үзілмеген арнада Қазақ тележурналистерінің талантты тобы, әсіресе, еліміз Тәуелсіздік алған шақта жарқырай көрінді. Осы кезде тележурналистикаға тың серпін, жаңашылдыққа бет бұрыс байқалды. Қазақ журналистиканың қара нары Қалыбек Атжан да Қазақ телевизиясының өркендеп өсуі үшін аянбай тер төккен азаматтардың бірі болған. Бұл туралы  Qasaqstan Ұлттық арнасы тілшілері тамаша бейне материал дайындаған екен. 

Қалыбек Атжан — қазақ журналистикасының қара нары атанған адуынды тілші. 40 жылға жуық уақытын телерадио саласына арнаған ол еңбек жолын 1978 жылы «Лениншіл Жас» газетінде бастаған. Бұл дауыс көрерменнің әлі есінде шығар. Меншікті тілші болып істеген Қалыбек Атжанның материалдары көпшіліктің көкейінде жүрген мәселені көтеріп, барды бар, жоқты жоқ етіп оқиғаны шынайы жеткізетін. Айтпақшы Қазақ телевизиясында «стендап» деген дүниені ең алғаш жасаған да Қалыбек Атжан болатын. 1994 жылы, Ташкент қаласында. Өзінің еңбек жолында бірнеше облыстық телеарнаны басқарып, Ұлттық арнаның аймақтағы тілшілер қосынына жетекшілік еткен белгілі журналист бүгінде Тараз қаласындағы «77» телеарнасының директоры.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!