Фото: inform.kz

Тараз. 77news — Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында Біріккен Араб Әмірліктеріне контрабандалық жолмен 23 ителгіні тірідей өткізбек болғандар құрықталды, — деп хабарлайды 77news.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Астана» шекаралық бақылау жасағының қызметкерлері «Астана-Дубай» бағытындағы ұшақтан 23 тірі ителгі құсы бар контрабандалық жүкті анықтады.

Жүк тиеліп жатқан кезде көлемі үлкен қара түсті 3 сөмке шекарашылардың күдігін туғызған. Тексеріс барысында олардың ішінен қызыл кітапқа енген құстар бар ағаш қораптар шыққан.

Құқық қорғау және басқа да жауапты органдарға ақпарат беріліп, контрабандалық жүк Алматыға жіберілді.

Біздің ижағалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!